Финалда отандастарымыз Бразилия құрамасын 4:3 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.
Пара дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында топ жарды
Видеодан скриншот
736
оқылды

Астанада өткен IBSA Judo World Championships жарысында Қазақстанның ерлер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport-қа сілтеме жасап.

Финалда отандастарымыз Бразилия құрамасын 4:3 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.

Финалдық белдесу аса тартысты өтті. Соңғы кездесуде Жұрқамырза Шүкірбеков Паралимпиаданың қола жүлдегері Марсело Касановадан басым түсіп, шешуші жеңісті сыйлады.

Ширек финалда – Моңғолияны 4:1 есебімен

Жартылай финалда – Грузияны 4:2 есебімен

Финалда – Бразилияны 4:3 есебімен жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.