Заринаның келесі қарсыласы – тағы бір жапониялық теннисші Момоко Кобори болмақ.
Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына өтті
566
оқылды

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ширек финалға шығу үшін өткен матчта Диас жапониялық Лиза-Мария Риуге қарсы ойнады.

Кездесу 6:1, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Енді Заринаның келесі қарсыласы – тағы бір жапониялық теннисші Момоко Кобори болмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.