ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі және Бас прокуратураның бірінші қызметі бірлескен жұмыстың нәтижесінде мамырдың алғашқы онкүндігінде бір синтетикалық және үш фитозертхананың қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда облысындағы "Шеп" стационарлық бекетінде қызметтік ит жолаушыдан марихуана салынған ораманы тапты. Жаңақорған кентінде оның тұрғылықты жерін тінту кезінде 4190 каннабис бұтасы бар плантация анықталды.
– Тұрғын үй фитозертхана ретінде жабдықталған. Жатын бөлмесінде тағы 14 бұта табылды. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 55 келіден асты. Осы фактілер бойынша 91 келіден астам есірткі заттары, оның ішінде 7 келіге жуық синтетика мен есірткі өндіруге арналған бір тонна прекурсор тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.