Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» тобының 2024 жылы таза табысы 39 пайызға, операциялық табысы 9 пайызға өскені туралы мәлімет берілді.
Компания активтерінің құнын арттыруды тапсырды
351
оқылды

Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес, былтыр 4 ірі инфрақұрылымдық жоба аяқтал­ған. Атап айтқанда, Екібастұздағы бірінші Мем­лекеттік аймақтық электр стансасының №1 энергоблогы қалпына келтірілді, Сиань қа­ла­сында көлік-логистика терминалы жұмыс істей бастады, Алматының энергетика ке­ше­ні­не қажетті газ инфрақұрылымының құры­лы­сы аяқталды, Қарашығанақ кен орнында газ­ды кері айдауға арналған бесінші комп­рес­сор пайдалануға берілді.

Нұрлан Жақыпов биыл мамыр айында би­тум өндірісін кеңейту жобасы басталғанын жет­кізді. Жыл соңына дейін тағы 7 ірі инвес­ти­­­циялық жоба, соның ішінде, Кендірлі кен­тін­де су тұшыту зауыты, Алматы қаласын ай­на­лып өтетін теміржол желісі, Ақтау портында кон­тейнерлік хаб, Талдықорған – Үшарал ма­гистральді газ құбыры, Жамбыл облысында жел қондырғылары бөлшектерін шығаратын зауыт құрылыстары іске асырылады. Ал Дос­тық – Мойынты учаскесіндегі екінші темір­жол­ды мерзімінен бір жыл бұрын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Qazaq Air АҚ әуе компаниясы мен «Мобайл Те­леком-Сервис» ЖШС (Теле2) ұя­лы байла­ныс операторын стратегиялық инвесторларға сату жөнінде мәмілелер жа­салды. Бұл нарық­тағы бәсекелестікті арт­тыруға және Қазақстан экономикасының не­гізгі секторларына инвес­тиция тартуға ық­пал етеді.

Мемлекет басшысына «Жайлы мектеп» ұлт­тық жобасының орындалуы туралы мәлімет бе­рілді. Қазіргі кезде 106 мектептің құрылысы бі­туге жақын, жыл соңына дейін тағы 102 оқу оша­ғын салу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бір­қатар міндет жүктеп, компания активтерінің тиім­ділігін жоғарылату, құнын арттыру, сон­дай-ақ инвестициялық жобаларды уақтылы жә­не сапалы жүзеге асыру жұмыстарын жал­ғас­тыруды тапсырды.

Бұдан бөлек, Президент Азия, Еуропа және АҚШ-тағы әлемнің ең ірі қорларымен ұзақ­мер­зімді инвестициялық ынтымақтастық ор­­­­натудың маңызды екенін атап өтті.