Астанада өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында ақтөбелік спортшы Аяла Мереке ақтық сынға жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
J2 санаты бойынша 70 келіде сынға түсіп жатқан Аяла ширек финалда Лондон Паралимпиадасының қола жүлдегері Дуйгу Четені (Түркия) «юко» әдісі бойынша жеңді.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы жапониялық Ацуми Нишимураны таза жеңді.
Осылайша, Аяла Мереке өз мансабында алғаш рет финалға жолдама алып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.