Әнші Нағима Есқалиева ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы әзілдеймін деп сынға қалды. Бұл туралы Аikyn.kz хабарлайды.
Нағима Есқалиева күйеуін меншіктеп алатын әйелдерді сынады.
"Осы мәселені Парламентте көтергім келеді. Әйелдер өздерінің күйеуін бөлісуі керек. 43 жыл бойы бір адамды меншіктеп алуы масқара ғой", – деді ол.
Желі қолданушылары әншінің бұл сөздеріне түрлі пікір білдіріп, оның әзілін сынға алды.
"Өз күйеуі жалықтырған ба әлде өзгенікі керек болып жүр ме?", "Алжығанның белгісі", "Тек осындай әңгімелер айта ма?", "Қалжыңдап тұр ғой", "Миы орнында ма?", "Біздегі біртүрлі заңдар осындай әңгімелерден кейін шығады", – деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram