Семсер қаруымен айқасудан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов Богота (Колумбия) қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдеге ие болды.
Руслан Курбанов семсерлесуден Гран-при турнирінде күміс медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
325
оқылды

Ұлттық олимпиадалық комитеттің ақпаратынша, жартылай финалда Курбанов Өзбекстан өкілі Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңді.

Алайда шешуші финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы жапониялық Акира Коматаға 10:15 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, өзбекстандық Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон үшінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ Ерлік Сертай да үздік ондықтың қатарына еніп, турнирді сегізінші орынмен аяқтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.