11 мамыр күні халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бəйгесінің екінші кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Таңғы сағат 7.00-де 17 команда Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты аулының маңынан жорықты жалғап, Балқаш ауданының Аралтөбе ауылы маңынан аяқтады.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы мəре сызығына екінші болып жетсе, Алматы облысының командасы үштікті түйіндеді.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды жəне бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.