Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Сапар аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері жоғары деңгейде талқыланады.
БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі мемлекеттің басшылығы тауар айналымын $1 млрд-қа дейін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз