Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-пен келіссөздердің төртінші кезеңіне қатысады. Осы мақсатта ол Оман астанасы Маскат қаласына барды. Бұл туралы министрдің Telegram-арнасында хабарланды.
Иранның СІМ басшысы АҚШ-пен келіссөздер жүргізу үшін Маскатқа барды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
656
оқылды

Бұған дейін бірінші және үшінші кезеңдер 12 және 26 сәуірде Оман астанасында, ал екінші кезең 19 сәуірде Римде өткен.

Бұл келіссөздер АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның Жоғарғы көсемі Аятолла Әли Хаменейге 2025 жылғы наурызда жолдаған хатына байланысты қайта жанданды.

Хатта Иранмен жаңа ядролық келісім жасау ұсынылып, сонымен бірге келіссөздер сәтсіз аяқталса, әскери жауап қайтарылатыны да ескертілген. Иран АҚШ-пен тікелей келіссөздерден бас тартқанымен, делдал арқылы диалог жүргізуге келісім берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.