Тұздалған көкөністерден бөлек, көктемде ағзаға мұздатылған жидектер мен көкөніс қоспалары да жақсы әсер етеді.
Дәрігер ішек жұмысын жақсартатын тағам түрлерін атады
Фото: istockphoto
890
оқылды

Ресейлік терапевт-дәрігер, диетолог Галина Волкова ішек микрофлорасына жағымды әсер ететін кейбір өнімдерді атады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, бұл тұздалған көкөністер – қияр мен қырыққабат секілді өнімдер.

"Рационға тұздалған көкөністерді – қырыққабатты, қиярды   қосуға болады. Олар ағзаны дәрумендермен ғана емес, ішек микробиотасына пайдалы пробиотиктермен де қамтамасыз етеді", – деді дәрігер.

Оның айтуынша, тұздалған көкөністерден бөлек, көктемде ағзаға мұздатылған жидектер мен көкөніс қоспалары да жақсы әсер етеді. Олар көктемде жаңа піскен көкөністер мен жемістер аз болатын кезеңде қолданылады, себебі дұрыс мұздату кезінде олардың құрамындағы дәрумендер мен минералдар іс жүзінде толығымен сақталады.

"Көктемде жаңа өнімдер мол болмаса да, әрдайым теңгерімді тамақтанып, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін қолжетімді нұсқалар табылады", – деді диетолог.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.