Су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізілуде.
Есіл өзенінде су деңгейі көтерілді
Фото: ТЖМ
416
оқылды

Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Вагулино, Прибрежное, Ольшанка, Соколовка және Большая Малышка ауылдарында және Петропавл қаласының Заречное ауылында қорғаныс білігін нығайту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Барлығы 2010 адам, 152 бірлік техникасы ТЖМ, ІІМ, ҚМ, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 81 300 дана қапшық дайындалып, төселді. Барлығы 351 675 дана қапшық дайындалып, төселді.

Сондай-ақ, Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 65 500 текше метр су сорылды.

Су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізілуде. Эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай ТЖМ бақылауында.