Ш.Бейсекова және Н.Тілендиев даңғылдарының қиылысында екі деңгейлі жол айрығы салынады.
Астанада тағы екі көшенің қиылысы жөндеуге жабылады
Фото: istockphoto
448
оқылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Бейсекова және Н.Тілендиев даңғылдарының қиылысында екі деңгейлі жол айрығын салады. Сол себепті аталмыш көшелердің қиылысы толық жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жүру арқылы уақытша жолда ұйымдастырылады.

Жөндеу жұмыстары 1 мамырдан 1 тамызға дейін жүргізілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.