Қазақстандық дзюдошылар командалық жарыстарда үшінші орын үшін бақ сынады.
Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
1,561
оқылды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатын төрт медальмен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошылар командалық жарыстарда үшінші орын үшін бақ сынады. Алайда, жеңіс тұғырынан көріне алмады.

Құрама Оңтүстік Кореяға 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Ал екінші қола үшін күрес Тәжікстан мен Моңғолия арасында өтеді. Финалда Өзбекстан мен Жапония татами үстінде кездеседі.

Осылайша, чемпионатта қазақстандықтар төрт медаль жеңіп алды. Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) және Мейірлан Максим (90 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.