Полицейлер азаматтарды сақ болуға, күмәнді ұсыныстар мен уәделерге сенбеуге, сондай жағдайлар туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.
"Үй алып беремін: астаналық әйел адамдарды алдап, қомақты қаржыны иемденіп кеткен
Фото: polisia.kz
724
оқылды

Астанада “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Есіл ауданы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала тергеу мәліметінше, күдікті бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, оларға тұрғын үй алуға көмектесемін деген сылтаумен алдаған. Ол өзінің жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін таныстары бар екенін айтып, жалған құжаттар ұсынған. Нәтижесінде, ол жәбірленушілердің жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңгені құрайтын қаражатын заңсыз иемденген.

- Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, осындай үш қылмыс эпизоды анықталды. Әйелдің бұрын сотталғаны белгілі болды, – делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер азаматтарды сақ болуға, күмәнді ұсыныстар мен уәделерге сенбеуге, сондай жағдайлар туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.