Жұмысты жеделдету мақсатында ТЖМ қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.
Батыс Қазақстанда ТЖМ өкілдері ана мен баланы құтқарды
425
оқылды

БҚО Теректі ауданында 43 жастағы әйел жолда бағдарынан айырылып, құтқарушылардан көмек сұрады. Ол 10 жастағы ұлымен бірге Сарыөмір ауылынан Дуан ауылына қарай жеңіл автокөлікпен жолға шығып, адасып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Даланың қараңғы болуы және әйелмен байланыстың кенеттен жоғалуып кетуі іздеу жұмыстарын қиындатты.  Жұмысты жеделдету мақсатында ТЖМ қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

- Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде бала мен оның анасы Теректі ауданы Рыбцех ауылының маңында ақау шыққан көліктен табылды. Жоғалғандар медициналық көмекке мұқтаж болмай, елді мекенге жеткізілді, – делінген ақпаратта.

ТЖМ жүргізушілерге маршрутты алдын ала жоспарлап, жақындарыңызға жоспарыңыз туралы хабарлауға кеңес береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.