"Қазгидромет" алдағы күндері ауа райы салқындайтыны туралы ескертті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай алып келген циклон ел аумағынан тез арада шығып кетеді. Оның орнына батыстан антициклон кіріп, алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.
29-30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, ал 30 сәуір – 1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен көрсеткіштерге дейін төмендейді, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.