Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған Ақорданың хабарламасында.
Биыл наурыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.
Соған сәйкес елімізде Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылып, Мемлекет басшысының өкімімен Алмасадам Сәтқалиев төрағасы болып тағайындалған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.