Алматы қаласының Алмалы ауданында, С. Прокофьев көшесінде орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты дүкеннен өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің қонақүй мен банк орналасқан негізгі ғимаратқа таралуына жол берілген жоқ.
Өрт 120 шаршы метр аумақта сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз