Ағылшын Премьер-лигасының 34-турында "Ливерпуль" клубы "Тоттенхэмді" 5:1 есебімен ірі жеңіске жетіп, АПЛ чемпионы атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Голдарды Соланке (12'), Диас (16'), Макалистер (24'), Гакпо (34') және Салах (63') соқты, сондай-ақ 69-минутта "Тоттенхэм" қорғаушысы Удоги автоголмен есепті еселей түсті.
Бұл "Ливерпульдің" АПЛ тарихындағы екінші, ал жалпы Англия чемпионаттарындағы 20-шы чемпиондық атағы. Олар осылайша "Манчестер Юнайтедпен" чемпиондықтар саны бойынша теңесті, бірақ "МЮ"-де Премьер-лига дәуірінде 13 чемпиондық болса, "Ливерпульдің" енді екінші мәрте Премьер-лигада топ жаруы.
Айта кетейік, бұл чемпиондық "Ливерпуль" үшін ерекше маңызға ие болды. Команда Юрген Клопптың кетуінен кейін Арне Слоттың жетекшілігімен алғашқы маусымында-ақ чемпион атанып, "Манчестер Сити" клубының төрт жыл қатарынан жалғасқан чемпиондық сериясын тоқтатты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз