Қызылжар ауданында қорғаныс біліктерін нығайту бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр
Солтүстікте су тасқынының алдын алуға мыңнан астам адам жұмылдырылды
ТЖМ
484
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Қызылжар ауданының Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарында қорғаныс біліктерін нығайту бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің, Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдар мен әскери бөлімдердің күштері жұмылдырылып, барлығы 1 087 адам және 126 арнайы техника бірлігі тартылды. Қорғаныс жұмыстары аясында 110 980 дана қапшық дайындалып, су тасқынына қарсы төселді.

Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту мақсатында су айдау жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі таңда тәулігіне 1 500 текше метрге дейін су сорылып, жалпы көлемі 79 200 текше метрге жетті. Бұл шаралар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар  Қызылжар ауданының Вагулино және Соколовка ауылдарындағы жағдайға тұрақты, мониторинг жүргізілуде. Эвакуациялық пункттер дайындалып, қажет жағдайда тұрғындарды көшіру шаралары қарастырылған. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз