Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
861
оқылды

Атап айтқанда:
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Таулы аудандарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады. Тау асуларында 23 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20, кей кездері 23-28 м/с болады.

Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік-шығыс пен шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Астанада жаңбыр жаууы ықтимал, күндіз +20+22 °C, түнде +13+15 °C болады.

Алматыда күн алабұлтты, күндіз +25+27 °C, түнде +8+10 °C болады.

Шымкентте ауа температурасы күндіз +33+35 °C, түнде +18+20 °C болады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.