Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алан Құрманғалиев Францияда өткен турнирде жеңімпаз атанды
569
оқылды

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спортшы 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль иеленді.

Мец қаласындағы турнирде Құрманғалиев Коннор Гринді (Англия)  3:0, Энрике Риосты (Пуэрто-Рико)  3:0, Ма Ёнминді (Корея)  3:1, Флавио Мурьені (Франция)  3:2, Ли Сынсуды (Корея)  3:1, Юлиан Чиритуды (Румыния)  3:1, Ян Хао-Дженді (Тайбэй)  3:1 есебімен жеңді.