«Якорь құс фабрикасы» құсқа арналған жем өндіру үшін қоспажем цехын іске қосты, – деп хабарлайды Аikyn.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Жаңа өндірістің жұмысымен Солтүстiк Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов танысқан.
Бұл жобаға кәсіпорын 650 млн теңге инвестиция құйды. Жаңа қоспажем цехында Германиядан әкелінген заманауи қондырғы орнатылған, бұл өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Цехтың қуаты жылына 20 мың тонна құрайды, бұл құс фабрикасының қажеттіліктерін толық жабады және саланың тұрақты дамуына ықпал етеді.
Айта кетейік, былтыр «Якорь құс фабрикасы» 100 миллионнан астам жұмыртқа өндірген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.