21 ақпанға арналған ауа райы болжамы.
"Қазгидромет" бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
Фото: istockphoto
3,382
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 21 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамандардың айтуынша, Астанада кей уақыттарда тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында кей жерлерде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Атырау облысында қар, облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қалың қар жауады, бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында қар, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз кей уақыттарда 23-28 метрге жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман түседі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.