Жоғалғандар Павлодардан табылды.
Астанадан Павлодарға жолға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен отбасы табылды
7,405
оқылды

Астанадан Павлодарға кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен отбасы табылды. Бұл туралы павлодарлық еріктілер мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бірнеше күннен бері еріктілер мен полиция 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова мен оның екі баласын – 44 жастағы ұлы Бауыржан Смағұлды және 39 жастағы қызы Әлия Мұхамеджанованы іздестіріп жатқан еді.

Олар 2025 жылдың 10 ақпанында Астанадан Павлодарға жолға шығып, содан бері мүлде байланысқа шықпаған.

Жоғалғандар аман-есен Павлодардан табылды.

– Оларды  VITA  ДПО еріктілері іздеу хабарландыруларын тарату және жалдамалы пәтерлерді тексеру барысында Орталық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге тапты, – делінген Павлодар қаласының Vita іздеу ұйымының хабарламасында.

Астаналықтар Павлодар қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған.