Жетінші адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Шахтадағы апат: алты жұмысшының денесі табылды, жетінші адам іздестіріліп жатыр
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
940
оқылды

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Жомарт шахтасындағы апаттан кейін алты жұмысшының денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС алты жұмыскерінің денесін тапты. 

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Жетінші адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары тобы жұмыс істеп жатыр», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, Ұлытау облысында шахта опырылып, жеті жұмысшы үйінді астында қалды.

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.