Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізді.
Елімізде табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды
istockphoto.com
1,251
оқылды

Елімізде табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің  таратқан мәліметіне сәйкес,  қарызын қайтара алмайтындарға несие бермеу үшін азаматтардың төлем қабілеттілігі мұқият тексерілуі мүмкін.

Агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп, халықтың шамадан тыс борыштық жүктемесін азайту мәселесі бойынша екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізіп, табысы төмен азаматарға несие беру талаптары жайлы талқыланды.

"Банктер проблемалық тұтынушылық несиелерді қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыруы керек. Яғни, қарыз алушылар қарызды өтеу кезінде қиындықтарға тап болған жағдайда, олар несиелердің шарттарын қайта қарастырады. Ең алдымен қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді қарызын қайтара алмайтындарға несие бермеу үшін азаматтардың төлем қабілеттілігін мұқият тексеруді міндеттеуді ұсынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз