Марқұмның тұрғылықты жері жоқ екені анықталды.
Ақтауда тұрғын үй кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com
769
оқылды

Ақтаудағы  6-ықшамаудандағы №24 үйдің тұрғындары 11 ақпанда бесінші қабаттың баспалдақ алаңында қимылсыз жатқан ер адамды байқап, полицияға хабар берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары марқұмның баспанасы жоқ екенін анықтады.

Маңғыстау облысы  Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның өлімі табиғи себептерден болған.

«Денесі жарақаттанбаған. Биологиялық өлім тіркелді», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.