Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Хромтауда жанып жатқан көпқабатты үйден 7 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ
381
оқылды

Ақтөбе облысы Хромтау қаласы Абай көшесінің бойындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында 12 шаршы метр алаңда өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.

– Өрт жедел сөндірілді. Себебі – кір жуғыш машинасының электр сымдарының қысқа тұйықталуы, – деді ТЖМ өкілдері. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.