Күдікті 2024 жылдың сәуір айында ұсталған еді.
Алматыда мәйіттерді зорлап, видеоға түсірген күзетшіге қатысты сот басталды
t.me/kozachkow
558
оқылды

Алматыда мәйіттерді қорлады деп айыпталған 44 жастағы мәйітхана күзетшісі Александр Беляевке қатысты сот басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол өз смартфонын кепілге қою үшін ломбардқа барған, ломбард қызметрі телефонның ер адамның өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұраған. Осы кезде телефоннан өлген адамдардың фотолары мен видеолары шыққан. Ломбард қызметкерлері бірден полицияға хабарласқан.

Кейіннен күдіктінің мәйітханамен келісімшарт жасасқан күзет компаниясының қызметкері екені анықталды. Арада 8 ай өткенде Беляевке қатысты тергеу аяқталды.

Kozachkov offside телеграм арнасының мәліметінше, күдіктіге қатысты іс "марқұмдардың денесін бірнеше рет қорлау" бабы бойынша қаралады. Сондай-ақ тергеу барысында ер адамның бұл әрекеттерді ес-түссіз күйде жасағаны анықталған.