Сарыөзек әскери гарнизоны ресми түсініктеме беріп, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізген.
Жетісу облысында жауынгер қаза тапты
Фото: №12740 әскери бөлімінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан
632
оқылды

Қатардағы жауынгердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Aikyn.kz  ratel.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада “2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12.30 шамасында №12740 әскери бөлімнің (Сарыөзек) мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні  04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды. Ол 2024 жылдың 19 қазанында Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы әскерге алынған”,  делінген.

Кейін сайт Сарыөзек әскери гарнизонынан ресми түсініктеме алған. 

“Даладағы жаттығу барысында мерзімді әскери қызметшінің атыс қаруын қолдану ережелерін бұзу салдарынан кеудесінен жарақат алғаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері анықталуда, тергеу  шаралары жүргізілуде, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысының басшылығымен арнайы комиссия тағайындалды. Құрлық әскерлерінің басшылығы қаза тапқан сарбаздың отбасына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады, көмек көрсетілетін болады”,  деп жазылған ақпаратта.