Шымкент қаласындағы емханалардың бірінде дәрігерді балағаттаған науқас 5 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қалалық соттың мәліметінше, 5 қаңтар күні ер адам жанжал кезінде дәрігердің ар-намысына тиіп, оған балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Кінәлі жәбірленушіден кешірім сұрап, өзін қатаң жазаламауын сұрады.
"Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, оған "кімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады", – делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.