Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай өткізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету.
Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.
Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:
- Балаларға арналған үздік кітап
- Үздік комикс
- Нон фикшн жанрындағы үздік кітап
- Детектив жанрындағы үздік кітап
- Сатира жанрындағы үздік кітап
- Үздік илюстрациялық кітап
- Үздік аударма кітабы
- Фантастика жанрындағы үздік кітап
- Үздік баспа
- «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы
Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.
Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар-1 сәуір аралығында қабылданады.
Байқауға өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 897 7788, +7 727 397 61 15.
Еске сала кетейік , Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа мереке «Ұлттық кітап күні» бекітілді. Мереке биыл алғаш рет 23 сәуірде атап өтіледі.