Әйел әзірге әке-шешесінің бақилық болғанынан бейхабар.
Ақтөбеде кепілде болып, ауыр жарақат алған әйел есін жиды
646
оқылды

Ақтөбеде қаскөйдің кепілінде болып, ауыр жарақат алған келіншек есін жиды. Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлер оның қайғылы оқиғадан әзірге бейхабар екенін айтады. Бірақ сол күні не болғанын қайта-қайта сұрап жатыр екен. Басынан жарақат алған онымен қазір психолог жұмыс істеп жүр. Әке-шешесінің бақилық болғанын да білмейді.

Еске салсақ, күні кеше танысының үйіне келген жігіт 40-тағы келіншекті әке-шешесімен бірге кепілге алған. Үш сағатқа созылған келіссөз нәтиже бермей, ақыры полиция басып кірген. Полиция департаментінің бастығы «сәтті өтті» деп сипаттағанымен, арнайы операцияден кейін ерлі-зайыпты қарттар ажал құшты.

Ауыр соққылар мен пышақ жарақатынан қаза тапқан зейнеткерлер ертең жерленеді. Марқұмдардың үйінің есігінен мөрі алынып, жақындары жаназасына дайындалып жатыр. Ал аман қалған келіншек ауруханадан әзір шықпайды.

— Оқиғаның бәрін сұрайды. Енді есін жиған соң, не болғанын, бәрін сұрап жатыр. Әке-шешесін де сұрайды. Сондықтан көп ақпарат бермейміз, денсаулығына байланысты. Төсек тартып жатыр. Тұруға, жүруге рұқсат етілмейді, – дейді Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Мақсат Оразжанов. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.