Тунисте үстел теннисінен WTT Youth Contender Tunis халықаралық турнирі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, оған Азия, Африка және Еуропаның 20 елінен спортшылар қатысып жатыр.
19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында қазақстандық Алан Құрманғалиев өз тобында Тунис спортшысы Адем Халуфиді 3:1 және малайзиялық Хон Ю Тейді 3:1 есебімен жеңді.
Ол жарыстың негізгі кезеңіне өтіп, медаль үшін күресетін болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.