Өткен жылды қорытындылап, ендібір баянды кезеңге берекелі жоспар құрамыз. 2024 жыл халқымыз үшін сын-қатері мен жақсылық-жетістігі қатар келген жыл болды. Қазақстан жұрты еліміздің басына түскен қиын сәттерде қайғысын бөлісіп, мемлекетіміз үшін жемісті кезеңдерде қуанышқа ортақтаса білді. Қазақтың жыл қайыру дәстүрі бойынша 2025 жыл – Жылан жылы. Қазына басатын Жылан жылынан күтетін жақсылығымыз көп. Бірақ Жылан жылы наурызда кіреді. Дегенмен 2025 жылы әр шаңырақ шаттыққа кенелсін! Еліміз аман, бауырымыз бүтін, жеріміз тыныш болғай!
Ел жылнамасының тағы бір тарихи кезеңін аяқтап, жаңа белесіне қадам басамыз.
