Қорғаныс министрінің орынбасары әскерилердің айлығы келесі жылдан бастап өсетінін айтты.
Қазақстанда әскердегі офицерлер мен сержанттардың айлығы өседі
2,651
оқылды

Елімізде әскери қызметкерлердің айлығы өседі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камелетдинов Мәжіліс кулуарында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Келесі жылдан бастап әскердің, офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметкерлердің айлығы көтеріледі. Үш жыл ішінде (2025-2027 жылдар) 60 пайызға өседі, – деді Камелетдинов.

Алайда Камелетдинов үш жыл ішінде айлықтың қалай өсетінін нақтылаған жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.