Бас прокурор Берік Асылов балалар арасындағы суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді.
«15 мың зиянды сайт пен сілтеме бұғатталды»: Бас прокурор балалар арасындағы суицид мәселесіне пікір білдірді
Фото: istockphoto.com
250
оқылды

Бас прокурор Берік Асылов балалар арасындағы суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

«Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиянды сайт пен сілтемені бұғаттады», – деді ол.

Сондай-ақ, ол қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейміз», – деді Бас прокурор.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.