Тележүргізуші қыздардың қазіргі жағдайынан хабар беретін фотосуреттерді әлеуметтік желіде жариялады.
Руслан Өтепбай  ағасы 17 жыл бойы құлдықта ұстаған апалы-сіңлілі қыздармен фотосессия жасады
Фото: instagram.com/ ruslan_utepbai
10,579
оқылды

Журналист Руслан Өтепбай 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздармен бірге фотосессия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тележүргізуші қыздардың қазіргі жағдайынан хабар беретін фотосуреттерді әлеуметтік желіде жариялады.

«Қыздардың алғашқы фотосессиясы. Күлкісі күн, көздері нұр шашып тұр! Апалы-сіңлінің қуанышқа толы күндері көп болғай. Суреттер карусельде. Жылжытып көреміз. Фотоға түсірген Самалбекке көп рақмет», – деп жазды ол.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында апалы-сіңлілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары “Көреміз” бағдарламасына айтқан. 

Түркістан облысының тұрғындары Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина 11 жыл бір партада отырған сыныптастарының жай-күйіне алаңдап, бағдарламаға жүгінген. Олардың сөзінше, сыныптастарын туған ағасы еңбек құлдығына жеккен. Екі қыздың бірі Назгүл 1991 жылы, екіншісі Құндыз 1996 жылы дүниеге келген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.