Ауа температурасы бойынша күрт өзгерістер болмайды деп күтілуде.
Қазан айының алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?
15,653
оқылды

"Қазгидромет" РМК қазан айының алғашқы күндерінде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Елімізде қазан айының алғашқы күндерінде ауа райы құбылмалы болады.

Солтүстік-батыс антициклон әсерінен Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс өңірлерде ауа райы құрғақ және шуақты болады.

Республиканың өзге аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел  күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы бойынша күрт өзгерістер болмайды.