Бірлескен отырыста Қарауылтөбе, Ақжарма ауылдық округінің және Белкөл кентінің әкімдері елді мекенде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерде қандай жұмыстар атқарылды?
1,066
оқылды

Бүгін партияның қалалық филиалының Саяси кеңес және Саяси кеңес Бюросының бірлескен отырысы өтті. 

Жиынның күн тәртібінде Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерде атқарылған жұмыстар талқыланды. Отырысқа партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев, партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева, Саяси кеңес және Саяси кеңес бюросының мүшелері, фракция мүшелері, ауыл әкімдері қатысты. 

Бірлескен отырыста Қарауылтөбе, Ақжарма ауылдық округінің және Белкөл кентінің әкімдері елді мекенде атқарылған жұмыстарға тоқталды.  

Жалпы, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында аталған елді мекендерде бірқатар шара жүзеге асқан болатын. Атап айтқанда, Қарауылтөбе ауылдық округінде өткен жылы 150 орындық ауылдық клуб ел игілігіне табысталды. Ал Белкөл кентінде тұрғындардың сұранысы бойынша темір жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді. Сонымен қатар Сайлауалды бағдарлама аясында Ақжарма ауылдық округін көгілдір отынға қосу мәселесі де алдағы жылдарға жоспарланған. 

Басқосуда ауыл әкімдері елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өсу қарқыны мен білім, денсаулық, қоғамдық ахуал және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелерінің іске асуын баяндады. 

Саяси кеңес пен Саяси кеңес бюросы мүшелері тарапынан жергілікті билік өкілдеріне балалардың уақытын тиімді пайдалану, жаз мезгіліндегі санитарлық тазалық, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының  алдын алу шаралар және білім, жұмыспен қамту салалары бойынша тиісті ұсыныстар жолданып, талқыланды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.