Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламға Вьетнам Социалистік Рес­пуб­ликасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Вьетнамның жаңадан сайланған президентін құттықтады
866
оқылды

Мемлекет басшысы Вьетнам Президентінің алдағы барлық баста­ма­сына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

«Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүл­деніп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами бере­тініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ор­тақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркен­дету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайын­мын», – деп жазылған жеделхатта.