ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ШЫҰ СІМК-на қатысатын делегация басшыларын қарсы алды.
Астанада ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді
779
оқылды

Бүгін Астанада қазақстандық тараптың төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ШЫҰ СІМК-на қатысатын делегация басшыларын қарсы алды.

Бірлескен отырыс барысында делегация басшылары ШЫҰ аясындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік және ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады.