Neuralink бағдарламасына екінші адамның миына чип қоюға рұқсат берді. Бірінші пациентке қойылған құрылғының жіптері оның миынан шығып кеткен.
Миллиардер миына чип қойдырғысы келетін адам іздеуде
Neuralink компаниясының миға қойылатын импланты мен оның жіптері. Фото neuralink.com сайтынан алынды
2,679
оқылды

Quartz сайты бұл жаңалықты Илон Масктің Neuralink компаниясы іске асырып жатқан сынаққа қатысқан бірінші пациентінің миынан импланттың электрод жіптерін алынып тасталғанын жазды. Оның себептерін Aikyn.kz сол мақалаға сілтеме жасап түсіндіреді.Neuralink 2016 жылы Tesla-ның бас директоры миллиардер Илон Маск негізін қалаған компания. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) жақында Илон Масктың Neuralink стартапына екінші пациентке эксперименттік ми чипін қоюға рұқсат берді.

Wall Street Journal бүгін (20 мамыр) Neuralink екінші пациентті тексеруге, сондай-ақ өзгертілген сынаққа рұқсат алғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Neuralink өзінің ми-компьютер интерфейсін (немесе BCI) сынап жатыр. Ол толық сал ауруына шалдыққан адамдардың ойлаған командаларын сыртқы технологиялық құралдарды басқаруға көмектеседі.

Миына чип қойылған бірінші пациент Ноланд Арбо. Фото Wall Street Journal сайтынан алынды

Бұл жаңалық Neuralink жүргізіп жатқан клиникалық сынақта кейбір имплант талшықтары – нейрондық белсенділікті тіркейтін құрылғының құрамдас бөліктері – зерттеуге қатысқан бірінші пациенттің миынан шығып кетуден туындаған проблемалар туралы хабарлағаннан кейін бірнеше аптадан кейін жарияланды.

Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, компания бұл мәселені шешу үшін имплант жіптерін миға тереңірек енгізбекші. 

Имплант жіптері бірінші Neuralink пациентінің миына 3-5 миллиметрге енгізілсе, енді жіптер екінші пациенттің мотор қыртысына 8 миллиметр тереңдікте орналастырылады.

Имплант адамдарға денесін қозғалтпай-ақ оймен құрылғыларды, компьютерді басқаруға мүмкіндік береді. Иллюстрация devby.io сайтынан алынды

Ақпан айында стартап өз құрылғысын 29 жастағы сал ауруына шалдыққан Ноланд Арбоға имплантациялады. Арбо Neuralink имплантын қолдарын қимылдатпай-ақ шахмат және Mario Kart сияқты видео ойындар ойнауда пайдалана алды.

Арбо Wall Street Journal басылымына оның миына имплантацияланған жіптердің шамамен 15% орнында қалады деп айтқан. Аз қалған жіптердің тиімді жұмыс істеуі үшін Neuralink Арбоның миындағы импланттың алгоритмін ми сигналдарына сезімтал ету үшін қайта түзеткен.

Илон Масктің миға қондыруға арналған импланты дене мүшесі толық сал болған науқастар үшін өте қажетті құрылғы деп саналды. Имплант сынақта жақсы нәтиже көрсетсе мыңдаған адамдардың өмірін мағыналы жасайтыны анық. Адам компьютерді, басқа да құрылғыларды оймен басқаруға қол жеткізсе, онда болашақта сау адамдар да «бұл технологияны өзінің мүмкіндіктерін күшейтуге қолданады», - дейді мамандар. Қазірдің өзінде мыңдаған адам Neuralink чипін миларына орнатқысы келеді. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.