Маңғыстау облысында әкім, прокурор, полиция мен ҰҚҚ басшысы ауысты.
Маңғыстаудағы ауыс-түйіс: әкім, прокурор, полиция, ҰҚҚ басшысы ауысты
www.istockphoto.com
849
оқылды

Маңғыстау облысында ауыз толтырып айтарлықтай ауыс-түйіс болды,-деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Президентінің Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. Ол 2023 жылдан бері “Өзенмұнайгаз” АҚ басқарма төрағасы қызметінде болған. Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Ақтау қаласының әкімі болған.

Президент келісімі негізінде бас прокурордың 2024жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Жаңа қызметке дейін ол 4 жылдан астам уақыт Ақмола облысының прокуроры болды. “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен және 2-дәрежелі “Айбын” орденімен наградталған, Прокуратура саласының құрметті қызметкері.

Ұлттық қауіпсіздік полковнигі Серік Әміров облыстық ҰҚҚ департаменті басшысы қызметіне тағайындалды. Тағайындау 13 мамыр күні болған.

Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық ПД бастығы болып, Павлодар облысы ПД басшысының экс-орынбасары Сағындық Аяғанов тағайындалды. Полиция полковнигі 1997 жылдан бері ІІМ саласында қызмет атқарып келеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.