Әнші косметолог маманның көмегіне жүгінуге кеңес берді.
Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты
18,718
оқылды

Танымал әнші Ерке Есмахан өзіне көп қойылатын сұраққа жауап беріп, бет күтіміне байланысты қыз-келіншектерге кеңес айтты. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Қыздарға кеңесім: интернетте мақтап көрсеткен нәрсені бетіңізге жаға бермеңіздер. Бірінші косметологке барыңыздар, кеңес беру қымбат емес. Бет теріңіздің типін, қандай проблема бар екенін біліп алыңыздар. Сосын өз теріңізге керек күтімді аласыз. Өйткені үйдегі күтім – ең маңызды нәрсе. Әрине, коллаген ішуді де ұмытпаңыздар. Мен пайдаланатын крем, маскаларым сіздің теріңізге келмей, керісінше әсер беруі мүмкін. Сондықтан бұл жерде бәрі жеке қарастырылады. Келбетіңіз әдемі болсын десеңіз, ішіңіз таза болсын. Жақсы ой мен жақсы сөз айту да күтімге жатады дер едім", - деп жазды Ерке Есмахан.