Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты 17 өңірде ескерту жариялады.
Үсік жүреді: 6 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: pexels.com
4,945
оқылды

«Қазгидромет» 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Абай облысында жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысының таулы өңірлерінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде таулы аймақтарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, түнде облыстың шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-6 градус үсік жүреді. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-6 градус үсік жүреді.

Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облыстың солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. 6 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады,

Павлодар облысының батысынды, солтүстігінде 2 градус үсік жүреді, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Астанада түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1-6 градус үсік жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.