Түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында термометр бағаны минусты көрсетеді.
Жауын-шашын, қар: 4-6 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
4,598
оқылды

Қазгидромет синоптиктері 4-6 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Еліміздің солтүстік және батыс аймақтарының тұрғындары көктемгі жылуды сезініп үлгермей жатып қайтадан арктикалық суыққа тап болады.

Бұған қысым өрістерінің жылдам өзгеруі себеп болып отыр.

Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен алмасуы Қазақстан аумағына жауын-шашын мен салқын ауа райын әкеледі.

Баренц теңізінен ыққан суық ауа массаларының басып кіруі ауа температурасының төмендеуіне әкеліп соғады.

Түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында термометр бағаны минусты көрсетеді.  Жауын-шашын жауып, оның соңы қарға ұласады.

Ал оңтүстік облыстарда күн күркіреп, бұршақ жауып, жаңбыр жауатынына қарамастан көктемгі жылы ауа райы сақталады.