Қазақстан азаматтары көп жағдайда жылжымайтын мүлігін онлайн тіркейді. Былтырғы жылмен салыстырғанда Blockchain технологиясы арқылы жасалатын мәмілелер саны 2,5 есеге артты. 2024 жылдың бірінші тоқсанында осы бағытта шамамен 25 мың операция орындалды.
Жылжымайтын мүліктің 67%-ы онлайн тіркеледі
211
оқылды

Бүгінде екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы кепілді (қайта кепілге қоюды) және оның тоқтатылуын онлайн режимде тіркеуге болады. Айта кетейік, бұл қызмет Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Қарағанды және Алматы облыс­тарында сұранысқа ие.

Сонымен қатар Мемлекеттік корпорация қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді және шарт талаптарының өзгеруін тіркеу мүмкіндігін іске асырды. Бұған қоса, тұрғын емес үй-жайларды кепілді тіркеу де қолжетімді.

Blockchain технологиясы банктердің жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы несие беру кезіндегі несиелерді онлайн рәсімдеуді жеңілдетеді, шығындарды азайтады және өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартады. Осы әдіс пәтерді бұ­рынғыдай 3 күнде емес 1 сағатта рәсім­деуге мүмкіндік береді.